Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда Ironman жарысы кезінде бірнеше көше жабылады

Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алдағы демалыс, 14 тамыз күні Нұр-Сұлтанда BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA халықаралық жарысы өтеді. Осыған байланысты қалада бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
IRONMAN қатысушылары бірнеше көшемен жүгіреді, одан кейін велосипедпен жүріп өтеді. Сондықтан көше учаскелері әртүрлі уақытта жабылады. Атап айтқанда:
04:00-18:00 аралығында - Б.Момышұлы даңғылымен Елім-ай көшесінен бастап Сарайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағы жартылай жабылады;
04:00-18:00 аралығында Байтұрсынов көшесі бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолдың екі жолағы;
04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімиденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралық;
04:00-11:00 аралығында - Нәжімиденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік Ел көшесіне түсіп, Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылыс. Бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне дейін;
04:00-11:00 аралығында - Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейін;
04:00-11:00 аралығында Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабу;
04:00-11:00 аралығында - 38-ші көше бойымен Ұлы Дала даңғылына дейін;
04:00-18:00 аралығында Ұлы Дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналыс жолына дейін;
04:00-18:00 аралығында айналыс жол бойынша М 36 тасжолынан түскенде Қорғалжын тасжолына бұрылысқа және Нұрпейіс Бағанин көшесімен қиылыста велотұрақтың жанында бұрылысына дейін жартылай жабу;
04:00 - 18:00 аралығында Оңтүстік айналыс жолынан Ұлы Дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімиденов көшесіне дейін;
04:00 - 18:00 аралығында Нәжімиденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жол учаскесі.
Жабылған жолдың толық картасы 2ГИС сервисінде көрсетіледі.
Айта кетері, "BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA" деп аталатын жартылай жарыстан бөлек, "толық Ironman" - BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN да өтеді.
Әрбір жарыс үзіліссіз өтетін үш кезеңнен тұрады. Олар:
3,86 км-ге жүзу;
велосипедпен 180,25 км жүріп өту:
42,195 км-ге марафондық жүгіру.
Ал Ironman 70.3 сериясының жарыстары екі есе қысқартылған қашықтықта өтеді. Атап айтқанда, 1,9 км жүзу, велосипедтік бәйге (90 км) және 21,1 шақырымға жүгіру.
Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатысады. Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге. Оған Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден триатлеттердің үлкен тобы келеді деген жоспар бар.