НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. 12 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
"Сары" аймақта болған елорда "жасыл" аймаққа ойысты. Енді елдің барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан.
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары" делінген хабарламада.