Экономика

Демалыс күндеріне арналған доллардың ресми бағамы бекітілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк 13-15 тамызға доллар және рубльдің теңгеге шаққандағы ресми бағамын бекітті.
Демалыс күндері және дүйсенбіде доллардың ресми бағамы – 476,01 теңге болады.
Айта кетері, АҚШ валютасының 12 тамыз күнгі ресми бағамы 477,67 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша қазіргі таңда Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 477,68 теңге, сату – 482,01 теңге.
Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пунктерінде АҚШ валютасын орта есеппен 475,33 теңгеден сатып алып, 479,01 теңгеден сатып жатыр.