Сотталған азаматтар спорттан жарысты

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Елордада сотталғандар арасында спорт түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шара Нұр-Сұлтан қаласын бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесі және пробация қызметінің (Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары) есебінде тұратын сотталғандар арасында ұйымдастырылды.
"Жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар спорттың футбол, волейбол, гір тасын көтеру, арқан тартысу және тағы да басқа түрінен өздерін сынап көрді", – делінген хабарламада.
Сотталған азаматтар спорттан жарысты
Жарыс нәтижесі бойынша Байқоңыр аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар жалпы командалар арасынан волейболдан 2-орын, футболдан 3-орын және гір тасын көтеруден 1-орынды жеңіп алды.