НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Запорожье облысындағы Бердянск қаласының 2,5 мыңға жуық тұрғыны Ресей төлқұжатын алды, тағы 5 мың адам азаматтық алу кезегінде тұр, деп хабарлайды РИА Новости.
"12 маусымнан бері бірінші бөлімшеге 6,2 мыңға жуық адам Ресей азаматтығын алуға өтініш берсе, екінші бөлімшеге 1,3 мың өтініш түскен. 2,5 мыңға жуық төлқұжат берілді", - деді журналистерге Бердянск ішкі істер басқармасы көші-қон қызметінің басшысы Василий Бараненко.
Ол 12 маусымда өтініштер қабылдау басталғанын айтты. Орташа есеппен, өтініш бергеннен азаматтық алуға дейін күту уақыты бір айға жуықтайды.
Еске салсақ, арнайы операция кезінде ресейлік әскерилер Херсон, Мелитополь, Бердянск сияқты ірі қалаларды басып алып, Запорожье облысының Азов бөлігін және бүкіл Херсон облысын бақылауға алды да, Украинаны Азов теңізінен ажыратып тастады.
Екі өңірде де жаңа әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда және көлік байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер Ресейдің құрамына кіру жоспары туралы жариялады. Сонымен қатар, сегіз жылдан кейін Солтүстік Қырым арнасы ашылып, түбекке қайтадан су жіберіліп жатыр.