НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында бес жастағы Мадина Ерланқызын полиция мен көптеген ерікті іздеп жатқанына төртінші тәулік болды. Қыз бала әлі табылмады, деп хабарлады аймақтық полиция.
Полиция іздеу жұмыстарының түнде де тоқтатылмағынан сендірді.
Еске салсақ, аутизммен ауыратын Мадинаны жүгері алқабында байқалды дегеннен кейін сол жерде іздеу жұмыстары бір күннен артық жүргізілді.
Сондай-ақ, қыздың дәл сол жерде жасырынуға болатындығының дәлелі – тістелген жүгері собығы болды.
Бір күн бұрын іздеу штабы жүгері алқабында тамақ пен сусындарды, әуе шарларын байлап тастау туралы шешім қабылдады. Бұл нүктелерді төбелерге қойылған еріктілер бақылауы керек. Одан бөлек іздестіру жұмыстарына дельтапланеристер клубының жергілікті қатысушылары қосылды.
Бес жастағы Мадина өткен жексенбіде таңертеңгі жетіде газ құбыры арқылы екінші қабаттың терезесінен үйден шығып кеткен еді. Қызды жоғалған күні көптеген қала тұрғындары көрді. Айта кету керек, қыз үйден іш киіммен ғана қашып кеткен.
Психологтардың айтуынша, аутизміне байланысты қыз шу мен адамдардан қорқуы мүмкін. Сондықтан онымен кездескенде айқайламай және оны ұстап алуға тырысу керек. Яғни мүмкіндігінше сабырлы әрекет ету қажет.