Найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады – 11 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамы бойынша ертең Қазақстанда жаңбыр жауады.
Шығыста, орталықта және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, екпінді жел соғады, күндіз бұршақ жауады, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады.
Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 ​​жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнаған кезде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 жылы.