Абай күні: Қазақстанда Ибраһим атын таңдағандар көп

2020 жылы ресми мерекелер күнтізбесіне енгізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Абай күніне байланысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда Абай есімді 18 273 адам бар. Ал ақынның шын есімі - Ибраһим ретінде 27 337 адам тіркелген.
Елімізде ақын есімімен аталған барлығы 38 елді мекен бар. Соның ішінде ішінде 3 аудан, 1 қала, 10 ауылдық округ және 24 ауыл.
Астанадағы Абай даңғылы
Айта кетері, үкімет қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітілген болатын. 2020 жылы ресми мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осыған орай, жыл сайын ұлы ақынның мұрасын дәріптеу мақсатында сан алуан мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Елімізде көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер өткізіледі.
Қоғам
"Жасырын ақпарат бар": қазақ балаға қандай есім қоймаған?