2022 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға берілетін гранттар саны ұлғайтылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы білім гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.
Министрлік алдағы оқу жылында бакалавриатқа 73 мыңға жуық грант бөлді. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бакалавриатқа 56 мыңнан астам грант бөлінген болатын.
Білім гранттарын беру конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініш 13-22 шілде аралығында қабылданды.
Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың грант алу мүмкіндігі жоғары.
Сондай-ақ ауыл жастары мен ұлты қазақ басқа елдің азаматтары үшін де квота қарастырылған.
Грант иегерлерінің толық тізімі төменде