Қоғам

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
"Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екендігі анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді.
Осылайша, Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.