НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз - Sputnik. Донецк Халық Республикасының сыртқы істер министрлігі КХДР билігімен республиканың Пхеньяндағы елшілігі үшін ғимарат таңдау мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні ДХР басшысы Денис Пушилин мәлімдеді.
"Сыртқы істер министрлігі осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ оның қай кезеңде тұрғанын қазір айта алмаймын. Себебі бұл енді сыртқы саяси ведомстволардың тынымсыз жұмысы болмақ", - деді ол "Соловьев LIVE" эфирінде сұрақтарға жауап беру барысында.
Бұған дейін Мәскеудегі Солтүстік Корея елшілігі РИА Новости агенттігіне Донецк пен Луганск Халық Республикаларының тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді. Кейіннен Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігі елдің егемендік, бейбітшілік және достық ұстанымдарын негізге ала отырып, Донецк пен Луганск Халық Республикаларымен мемлекеттік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін хабарлады.
Украина сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның осы шешіміне жауап ретінде Пхеньянмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетінін, саяси және экономикалық байланыстарды тоқтатқанын мәлімдеді.