Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Запорожье облысында референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Запорожье облысында Ресей құрамына кіру бойынша референдумды қыркүйекте өткізу жоспарланып отыр.
Қазір референдумның нақты күнін белгілеу мәселесі шешілуде, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне өңір әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов.
"Референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр. Бұл шара қыркүйекке жоспарланған. Референдумның нақты күні анықталып жатыр және жақын арада жарияланады", - деді Рогов.
Еске салсақ, операция барысында Ресей армиясы Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін бақылауға алды. Мұнда Ресей саясатын қолдайтын әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиолар хабар тарата бастады, Қырыммен сауда байланысы қалпына келтіріліп жатыр.
Өңірлер Ресей Федерациясының құрамына кірмек. Бұған дейін дауыс беру үшін сайлау комиссиялары құрылғаны туралы хабарланған болатын. Референдумды Херсон облысымен үйлестіру мәселесі талқыланып жатыр.