НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қайғылы оқиға өткен жексенбіде Шымкенттің Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болды.
11 жасар қыз өзен үстіндегі құбырдан абайсызда құлап, суға батып кеткен. Ол жүзу білмеген, деп хабарлады қалалық ТЖД.
Оқиға орнына жеткен ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сүңгуірлер қыздың денесін тауып, судан шығарып, туыстарына тапсырды.