Әлем

Қытай және Сингапур ғалымдары жаңа вирус түрін анықтады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қытай ғалымдар тобы генипавирустың жаңа түрін анықтады. "Ланъя" вирусын 35 адам жұқтырып үлгерді.
Аурудың белгілері:
қалтырау;
әлсіздік;
құсу;
жөтел.
Әзірге вирустың адамнан адамға жұғу-жұқпауы анықталмады. Зерттеуді "Жаңа Англия" (NEJM) медициналық журналына мақала жариялаған қытайлық және сингапурлық ғалымдар жүргізді.

"Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында "Ланъя" (Langya henipavirus, LayV) вирусын жұқтырған отыз бес науқас анықталды", – деп жазды "Пэнпай".

Ғалымдардың пікірінше, "Ланъя" "Нипах" вирусына ұқсайды. Бірақ осы уақытқа дейін жұқтыру жағдайлары өлімге әкелмеді, өте ауыр болған жоқ, деп хабарлады РИА Новости қытайлық "Пэнпай" басылымына сілтеме жасап.
"Нипах" вирусы – мидың қабынуымен (энцефалит) немесе тыныс алудың қиындауымен сипатталатын, соңы ауыр ауруға әкелетін вирус түрі.