НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Бір жылда (2022 жылдың шілдесін өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылдың шілдесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8% артты.
"Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%)", - деп хабарлады Ұлттық бюро.
Шілдеде пәтерлерді қайта сату бағасы маусыммен салыстырғанда 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4% жоғарылады.