Оралда кәсіпкерді өлтіріп кеткендер ұсталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Орал қаласында танымал кәсіпкерді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген екі адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кетті. Ол пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм "Гульчатай" дәмханасы (бұрынғы "Астория" мейрамханасы) мен "Махаббат" мейрамханасының қожайыны болған.
Кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияланды.
"Күдіктінің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.