НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз - Sputnik. Ресейдің Омбы облысында Ертіске батып кеткен ер адамды іздеп жүрген сүңгуір қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Омбы облысы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап.
Сенбі күні сағат 21.00 шамасында Ертіс өзенінде Омбы облысындағы Нововаршавка кентінің маңында паромдық өткел алдында 35 жастағы ер адам достарының көзіне батып кетті. Ол спирттік ішімдік ішкен.
"Келесі күні суға батып кеткен ер адамның денесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның барысында сүңгуірдің оттегі беру реттегіші ұшып кетті, соның салдарынан 40 жастағы құтқарушы суға батты. Зардап шеккен адамды өзеннен екінші сүңгуір алып шықты, ер адам ауруханаға жатқызылды, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері нақтыланып жатыр.