Ташкент халқының саны 3 млн адамға жуықтады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының халық саны қарқынды артып келеді және бүгінге дейін 3 млн адамға жуықтады, деп хабарлады Хабар 24.
Ташкент хокимияты статистика басқармасының мәліметінше, жыл басынан ел астанасының халқы 47,1 мың немесе 1,6% артты.
"Астанамыз тұрғындарының саны қарқынды артып келеді. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, тұрақты халық саны 2 909 500 адамды құрайды. Олардың арасында 1 426 400 – ер адамдар, 1 483 100 – әйелдер", - деді хокимияттың баспасөз қызметі.
Астананың 12 ауданының арасында демографиялық көрсеткіш бойынша Алмазар, Юнусабад және Шайхантахур алдыңғы орында тұр. Оларда 350 мыңнан астам адам тұрады. Халық ең аз қоныстанған елді мекендер: Яккасарай - 125,5 мың адам, Бектемір аудандары – 54 мың адамы.