Спорт

Қазақстан велоспорттан Ислам ынтымақтастығы ойындарында 4 медаль иеленді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында төрт медальмен марапатталды, деп хабарлады Olympic.kz.
Әлішер Жұмақан ерлер арасындағы жекелей жарыста тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Екінші болып оның командадағы әріптесі Дмитрий Носков мәреге жетті.
Әйелдер арасында Рината Сұлтанова бірінші болса, Марина Кузьмина қола медальға ие болды. Ислам ынтымақтастығы ойындары - Ислам конференциясы ұйымы елдерінің үздік спортшыларын қамтитын халықаралық спорттық іс-шара.
Фото
Велосипед мінген танымал тұлғалар – фото