Спорт

Қазақстан 17 жылдан кейін байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында медаль алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан байдарка және каноэде есуден 17 жылдан кейін әлем чемпионатында медаль алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатында байдарка және каноэде есуден Қазақстан командасының өкілі Виктор Степанов жеңіс тұғырынан көрінді. Ол каноэмен 200 метр қашықтыққа есуден күміс медаль иеленді.
Чемпионаттың финалында 39.44 деген нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына шығуға мүмкіндік алды. Бірінші болып поляк Олексий Колядич келсе, неміс Нико Пикерт екінші орыннан көрінді.
Айта кетері, Виктор Степановтың медалі – спорттың осы түрінен әлем чемпионатында қазақстандық қол жеткізген екінші жеңіс.
Бұған дейін Қазақстан намысын қорғаған спортшы Жомарт Сатыбалдин 17 жыл бұрын жеңіс тұғырынан көрінген еді. Жомарт 2005 жылы Степанов сияқты дәл осы қашықтықта үшінші орынды иеленген болатын.