Оқиға

Оралда көлік тұрағынан танымал кәсіпкердің денесі табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз - Sputnik. Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі танымал бизнесмен өлі табылды.
"Мой город" аймақтық басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 49 жастағы ер адамның денесі қалалық саябақ пен Атоян атындағы стадионының тұрағында табылған.
Бірнеше пышақ жарақаты анықталды. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
Күдікті анықталды, бірақ әлі ұсталған жоқ.
"6 тамыз күні сағат 20.00-де стадионға кірерберісте көптеген пышақ жарақаты бар кәсіпкердің мәйіті табылды", - деді Абай полиция бөлімінің бастығы Самат Айисов.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ауыр қылмыс жасаған адамдар анықталды. Полиция қылмыстың куәгері мен куәгерлерін анықтау және күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Істің мән-жайы анықталып жатыр.