НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан дзюдошылары Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында командалық жарыста қола жүлде иеленді, деп хабарлады Olympic.kz.
Үшінші орын үшін өткен матчта команда Өзбекстанмен белдесті. Күрес өте тартысты өтті. Шешуші жекпе-жекке дейін есеп 3:3 болды.
Қазақстан командасына жеңісті ұпайды Камила Берликаш әкелді. Оның қарсыласы жарақатына байланысты татамиге шықпады.