Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген төрт кеме Украинадан Ыстанбұлға жол тартты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген төрт жүк кемесі Украина порттарынан шығып, Ыстанбұлға бет алды. Бұл туралы Түркия ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлады.
"6 мың тонна күнбағыс майы тиелген "Мустафа Некати" кемесі Италияға бет алды. 45 мың тонна күнбағыс тұқымы тиелген Star Helena Қытайға жол тартты. 66 мың тонна жүгері тиелген Glory Ыстамбұлға келе жатыр. 44 мың тонна жүгері тиелген Riva Wind кемесі Искендерунға тоқтайды. Кемелер Украина порттарынан шықты. Су көліктері Ыстамбұлдың солтүстігіндегі зәкірге бекітіліп, Бірлескен үйлестіру орталығымен тексеріледі", - деп хабарлады әскери ведомство.