НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жатқызылды.
Трагедия 2022 жылдың 5 тамызында Жетібай-Шетпе тасжолының 96 шақырымында болды, деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Шетпе ауылына қарай келе жатқан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан екі көлік те өртенді.
Оқиға орнында УАЗ автокөлігінің жүргізушісі қаза болып, бес адам зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.