Еркін күрестен әлем чемпионы балалар игілігіне миллион теңге аударды

Қазақ балуаны ауыл жастарына күрес кілемін сатып алу үшін 1 000 000 теңге көлемінде сыйлық жасауды ұйғарды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. 17 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионы Камиль Куруглиев балалар спортын дамытуға бір миллион теңге аударды.
Әлем чемпионатының алтын медалі үшін бір миллион теңге көлеміндегі сыйлықты Камиль Куруглиев Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Ерлан Қожасбайдан алды, деп хабарлады sports.kz.
"Чемпион Маңғыстау облысы Қызылсай ауылының жас палуандарына күрес кілемін сатып алу үшін 1 000 000 теңге көлемінде сыйлық жасауды ұйғарды", - делінген хабарламада.
Чемпионаттың алтынын жеңіп алған Дарын Әскербек те ақшалай сыйлыққа ие болды.