"СК-Фармация" басшысы қанша жалақы алады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер еліміздегі дәрі-дәрмек сатып алатын бірыңғай дистрибьютордың басшысы айына қанша алатынын сұрады.
"Қолыма 1 404 000 теңге аламын", - деп ол қысқаша қайырды.
Өткен жылы Ерхат Есқалиев жалақысы 1 300 000 теңге екенін хабарлаған болатын.
Ол "СК-Фармация" ЖШС басшысы қызметіне Берік Шәріп қызметінен босатылғаннан кейін 2020 жылдың 12 шілдесінде тағайындалды.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның коронавирус пандемиясы кезіндегі жұмысын сынға алып, тексеру жүргізуді, туындаған қиындықтарға кінәлілердің барлығын жауапқа тартуды тапсырған болатын. Осыдан кейін 2020 жылдың 14 тамызында Берік Шәріп ұсталды. Қазір ол жазасын өтеп жатыр.
Қоғам
"СК-Фармация" ісі: сот Берік Шәріпті ақтау үкімінің күшін жойды