Ресейдің калибрі 12,7 миллиметр DXL-5 "Опустошитель" атты снайперлік винтовкасы өз тобындағы басқа қару-жарақтан атыс қашықтығы мен дәлдігі бойынша жоғары технологиялық бәсекеге ие болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украинадағы арнайы операцияда одақтас күштер ресейлік 12,7 миллиметр калибрлі DXL-5 "Опустошитель" снайперлік винтовкасын тиімді пайдаланып жатыр. Өндіруші кәсіпорын (Lobaev Arms) өкілі бұл қару жоғары дәлдігі бойынша ерекшеленетінін атап өтті. "Опустошитель" дәлдігі жағынан шетелдік сарапшылар арасында технологиялық бағдар болып саналатын америкалық Barret антиматериалдық винтовкасынан төрт есе басым.
Ресейлік "Опустошительдің" атыс шоғырлығы – 0,5 бұрыштық минутты құрайды (яғни, 100 метр қашықтықта оқтар 1,5 сантиметр диаметрді құрап шеңберге түседі), ал америкалық Barret қаруында – 2 бұрыштық минут, атыстық көздеу қашықтығы сәйкесінше 2300 және 1800 метрді құрайды. DXL-5 винтовкасының жоғары дәлдігі мен ұзақ қашықтығы америкалық снайперлік винтовкалармен қаруланған Украина Қарулы күштерінің снайперлік бөлімшелерінен қуаты жағынан басым түсіп отыр. Еске салсақ, 2017 жылы сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 12,7 миллиметрлі Barrett M107A1 винтовкаларының бірінші партиясын Киевке 41,5 миллион долларға сатуға рұқсат берген болатын.
Ресейлік "Опустошительде" модульдік конструкция бар (алмастырылатын оқпандар). Ресей армиясына арналған жаңа партиялар 12,7х108 миллиметр ресейлік патронға сәйкестендіріліп шығарылады. Бұған дейін бұл қаруға натолық 12,7х99 миллиметрлі патронын ретінде шетелдік серіктестер мен жеке меншік әскери компаниялар ғана тапсырыс берген. Ресейлік ірі калибрлі винтовканың үлкен артықшылығы - кері тебу әсерін айтарлықтай төмендететін дүмбінің демпфирлеуші конструкциясы.
"Опустошительдің" технологиялық жетістігі кездейсоқ емес. Ресей Федерациясында ірі калибрлі снайперлік винтовкаларды дайындау Батысқа қарағанда кейінірек басталды. Бірақ ресейлік қару-жарақ дайындаушы мамандар шетелдік баламалардан асып түсетін бірқатар үлгілерді жасай алды. Ресейлік компания (Lobaev Arms) әзірлеген 10,36х77 миллиметр патронды СВЛК-14С "Сумрак" 4 210 метр қашықтықта нысанаға дөп тиіп, әлемдегі ең ұзақ қашықтыққа ататын винтовка ретінде танылды", - деп жазды Хроленко.
Оның айтуынша, Батыс әлемінде ең жоғарғы нәтиже америкалықтарға тиесілі – 4 157 метр, ал ең алыс "өлім оғы" америкаық McMillan TAC-50 (патроны 12,7x99 миллиметр) винтовкасынан атылды – 2017 жылдың маусымында канадалық снайпер Ирактағы содырды 3 540 метр қашықтықта атты.
Barret Ірі калибрлі снайперлік винтовкасы 1982 жылы бұрынғы полицей және кәсіби фотограф Ронни Барреттің жеке гаражында дайындалған. Патент бес жылдан кейін алынып, шағын өндіріс үлкен табыс әкелуі екіталай болды. 1990 жылы АҚШ армиясы Парсы шығанағындағы соғыс үшін осы винтовканың ауқымды көлемін сатып алған кезде Barret M82A1 мәртебесі артты.
Ұзындығы бір жарым метр болатын заманауи Barrett M107A1 винтовкасында Browning М2 ірі калибрлі зеңбірегіндегідей 12,7 × 99 миллиметрлі 10 патронға арналған қос қатарлы қорапты оқжатары бар. "Антиматериалды" термині адамдарды ғана емес, жеңіл броньдалған техниканы, тұрақтардағы ұшақтар мен тікұшақтарды, радиолокаторларды, бекіністерді де қирату мүмкіндігін білдіреді. Жарнамаға сенер болсақ, шағын кері тебу снайперге 10 секундта 10 рет оқ атуға мүмкіндік береді.
Barrett M107A1 Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Чили, Финляндия, Франция, Израиль, Италия, Мексика, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Түркияны қоса алғанда, әлемнің 40 елінде қару-жарақ қатарына қабылданған.
Қашықтығы бойынша ұқсас (1800 метр) 12,7 миллиметр калибрлі ресейлік ОСВ-96 "Взломщик" винтовкасы Федералды қауіпсіздік қызметі арнайы жасағы мен Ресейдің басқа да күш құрылымдарында қолданыс тұр. Бұл қару Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Үндістан, Иран, Қазақстан және Қырғызстанға экспортталады. ОСВ-96 лицензиялық өндірісі 2018 жылы Вьетнамда іске қосылды. Сондықтан 2 300 метр көздеу қашықтығы бар су жаңа "Опустошитель" винтовкасының арнайы әскери операция аумағында да, әлемдік қару-жарақ нарығында да басымдылыққа ие болатынын болжауға болады. Маман үшін маңызды бөлшек: жойылу диапазоны ұзағырақ, Ravager патронсыз Barrett M107A1 салмағымен бірдей - 13 кг.
Ұрыс даласындағы снайперлік жұмыс барған сайын қашықтықтан жүргізіліп, бұл қару-жарақты тұрақты технологиялық жетілдіруді талап етіп отыр 12,7 миллимтерлі DXL-5 "Опустошитель" және 10,36 миллиметрлі СВЛК-14С "Сумрак" винтовкалары, сондай-ақ жақында сынақтан өткен 12,7 миллиметрлі "ORSIS" винтовкасы ресейлік қару-жарақ құрастырушылар дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.