Эрдоған Ресеймен қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталатынын айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған РФ президенті Владимир Путинмен Сочидеге кездесуі алдында екі ел арасында қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталатынын атап өтті, деп жазды РИА Новости.
"Бізге нүкте қоюға тура келеді. Кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне бастау болады деп үміттенемін", - деді ол.
Ердоған энергетикалық әріптестік пен астық экспортын, туризм мен өзге де өңірлік мәселелерді меңзеп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ кездесуде сириялық мәселе де қозғалатынын айтты. Оның айтуынша, өңірдегі терроризммен күрес маңызды.