Елордада Мәңгілік ел даңғылының екі учаскесі жабылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Елордадағы Мәңгілік Ел даңғылының екі учаскесі жөндеу жұмыстарына жабылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады. Сонымен қатар, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады", - делінген хабарламада.
Көлік басқармасы тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.