Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сатқан кәсіпкерлер анықталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірінде жан-жақты тексеру жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдері ретінде жанар-жағармайды экспорттау фактілері анықталды. Кейбір жағдайда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан", – делінген хабарламада.
ҚМА өкілдері осындай деректер бойынша сенім телефондарына хабарласуға болатынын айтты.
"Егер сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерге заңсыз сату немесе әкету фактілерінен хабардар болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарлауды сұраймыз", – деп ескертті ведомство.
Бензин мен дизель отынының шекті бағасы бекітілді