Доллар бағамы тағы өсті

Доллардың 5 тамыздағы ресми бағамы - 476,18 теңге
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Доллар бағамы тағы өсті.
Қазақстан қор биржасы мәліметінше, күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 477,98 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, доллардың 5 тамыздағы ресми бағамы - 476,18 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 475,98 теңге, сату құны - 480,80 теңге болып тұр.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,25 теңгеден сатып алынып жатыр. Сату бағасы 478,53 теңге.