Фото

Арктика мұздары жылдам еріп жатыр – фото

Егер парниктік газдардың бөлінуі бойынша қазіргі деңгей сақталса, ширек ғасыр ішінде жер бетінен арктикалық мұздар толық жоғалып кетуі мүмкін
Sputnik
Бұл туралы Жер климатының өзгеруін зерттеумен айналысатын ғалымдар көп жылдан бері айтып келеді.
Олар Арктиканың айналасындағы мұздың еру қарқыны күн емес, сағаттап өсіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Солтүстік мұзды мұхитындағы теңіз мұзының үштен бір бөлігі бүгінде жоғалып үлгерген.
Былтыр 120 еуропалық зерттеуші Арктика мұзының рекордтық төмен деңгейін тіркеді. Олардың Journal of Operational Oceanography журналында жарияланған есебіне сәйкес, соңғы онжылдықта Арктика мұзының деңгейі 1979 жылмен салыстырғанда 13 процентке, ал Баренц теңізіндегі мұздың орташа қалыңдығы 90 процентке азайған.
Жаһандық жылыну қандай салдарға әкелетіні туралы жүздеген постапокалипсистік фильм түсірілді. Бірақ ғаламшарға солтүстік мұзды қайтаруға әлі де кеш емес. Дегенмен күн сайын бұл мүмкіндік азайып жатыр.
Арктикалық мұздықтардың бүгінгі көрінісі қандай екенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
1 / 10

Тұманның арасынан көрініп тұрған айсбергтер Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында қалқып жүр. Суреттер NASA Gulfstream V ұшағымен арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу кезінде түсірілген

2 / 10

Солтүстік мұзды мұхиттағы айсберг. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар небәрі үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

3 / 10

Гренландия маңындағы айсбергтер. НАСА-ның Gulfstream V ұшағы Арктикадағы теңіз мұзының еруіне тұрақты өлшепм жүргізеді. Жаңа зерттеуге сәйкес, Арктика соңғы жиырма жылда қысқы теңіз мұзының шамамен үштен бір бөлігін жоғалтқан

4 / 10

Гренландия мұз қабатындағы айсберг ішіндегі еріген тоған. Осылайша, НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арктикалық мұздықтардың еруін өлшеу барысында айсбергтің тек сыртынан ғана емес, ішінен де еріп жатқанын анықтады

5 / 10

Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында еріп жатқан айсберг. Зерттеу сонымен қатар теңіз мұзының бұрынғы деңгейден әлдеқайда жұқарғанын анықтады

6 / 10

Дундас Хиллдағы бір жылдағы ең ыстық күн, бұл уақытта ауа температурасы шамамен 20 градус Цельсийді құрайды. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

7 / 10

НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арқылы арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу бойынша әуеден жүргізілген миссия кезінде түсірілген мұздың еру деңгейінің көрінісі

8 / 10

Жақын болашақта Арктика суларындағы айсбергтер тек сурет түрінде ғана қалуының ықтималдылығы жоғары

9 / 10

Гренландия маңындағы айсбергтер мен мұз қабатының әуеден көрінісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аралда диқаншылық іс-қимыл басталды: мұздықтардың салдарынан бұған дейін тақыр жер болып келген аумақтарға көкөніс егіліп жатыр

10 / 10

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Гренландия мұздығынан бөлініп шыққан осы тектес айсберг әлемдегі ең үлкен пароход – "Титаникті" су түбіне кетірген еді. Қазір айсбергтердің өзіне адамзаттың іс-қимылының салдарынан толық жойылу қаупі төніп тұр