Өңірлер

Найзағай, жел мен жаңбыр - алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. Алдағы күндері елдің басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.
Көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді жел, өткінші жаңбыр жауады.
Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін.
Өңірлер бойынша:
батыста +30 +37°С;
оңтүстік-батыста +27 +37°С;
солтүстік-батыста +27 +35°С;
Солтүстік пен шығыста + 22 + 30 жылы;
орталықта +20 +28 градус;
елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +30 +35°С шегінде;
таулы аудандарда +25°С шамасында.