НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алғабас ауылының Ұлан ауданында квадроциклдің жанатын бөліктері өртенді, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Өртенген квадроцикілді Ұлан ауданының өрт сөндірушілері сөндірді.
"Сондай-ақ жалын жеке тұрғын үйдің терезесін, балконның ағаш конструкцияларын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады", - деп хабарлады ведомство.
Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты пайдалану ережесін бұзу.