Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер арасында індет жұқтыру жиіледі

Нұр-Сұлтанда жұқтыру көрсеткіші артып отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мемлекеттік қызметшілер арасында коронавирус жұқтыру дерегіне тоқталды.
Министрдің айтуынша, ведомство президент істерін басқару медициналық қызметі мәліметтері негізінде статистика жүргізеді.
"Біз мемлекеттік қызметшілер арасында індет жұқтыру фактілері жиілегенін көріп отырмыз. Нұр-Сұлтанда жұқтыру көрсеткіші артып отыр. Қала "сары" аймақта орналасқан. Бұған дейін мемлекеттік қызметшілер арасында жұқтыру дерегі 1-10 аралығында болса, қазір күніне жүзге дейін жетті", - дейді министр.
Елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 3,2 есе өскен.
Ел астанасы "сары" аймақта орналасқан. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.