Өзбекстанның 10 азаматы Қазақстанда еңбек құлдығына түскен: олар еліне қайтарылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда күшпен ұсталған Өзбекстанның 10 азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлады "Дуне" ақпарат агенттігі Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына үш адам хабарласып, өздерін жергілікті тұрғындар қорқытып, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып, жеке үйде ұстағанын айтқан.
"Бас консулдық қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге Өзбекстан азаматтары орналасқан жерге барды, содан кейін олар Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзбекстан азаматтары қонақүйге орналастырылып, паспорты мен жеке заттары қайтарылып, Алматы-Ташкент бағыты бойынша үйлеріне жөнелтілді.
Барлығы Өзбекстанға аман-есен жетіп алған.