Маңғыстауда үш адам суға батып кетті

Жергілікті тұрғындар біреуін құтқарып үлгерген, бірақ ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында үш адам суға батып кетті.
Оқиға 3 тамыз күні сағат 16.38-де Түпқараған ауданында, Ақшұқыр ауылынан 36 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің жағалауында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар 1991 жылы туған ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Сондай-ақ, құтқарушылар суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 1987 жылы туған және 1991 жылы туған азаматтардың мәйітін тауып, судан алып шықты.