НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. eGov.kz порталының, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильді қосымшасының және негізгі мемлекеттік дерекқорлардың жұмысы толық қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердегі және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-дағы мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды.
"ҰАТ" АҚ қызметкерлері электрондық үкімет компоненттері мен мемлекеттік деректер базасының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ақаулықтарға байланысты алдағы бірнеше күнде пайдаланушылардың үлкен ағыны күтілуде. Осыған орай түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз",- деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Сонымен қатар, орын алған техникалық ақаулықтардың себептеріне талдау жүргізіліп жатыр.
" Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданатын болады", - делінген ақпаратта.
Осыған дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттерінің қолжетімсіздігі байқалды.
Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердегі мемлекеттік қызметтер және ХҚКО-ры мен арнайы ХҚКО-ры жұмыс істемеді.