"Бұл ақпараттық соғыс": Медведев "ВКонтактедегі" парақшасы бұзылғанын мәлімдеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасының бұзылуына қатысты пікір білдіріп, мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмағанын мәлімдеді.
1 тамыз күні кешке Медведевтің парақшасында геосаясатқа арналған жазба жарияланып, артынша өшірілді.
"Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Одан ешкім сақтандырылмаған. Мен премьер-министр болған кезде де осындай шабуылдармен күресуге тура келді. Бұл жаңа ғана біз айтқан ақпараттық соғыстың бір көрінісі", - деді ол.
Медведев құзырлы қызметтер тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.
"Тағы қайталаймын: әлеуметтік желі әкімшілігі мен құзырлы қызметтер тексеріс жүргізіп жатыр. Кінәлілер жазасыз қалмайды", - деп толықтырды ол.
Медведевтің көмекшісі "Вконтакте" желісіндегі жазбасына қатысты түсініктеме берді