Болат Назарбаев емделіп жатыр - қор

Биыл ол 69 жасқа келді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. Болат Назарбаев қоры оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Болат Назарбаев қажетті емдеуден өтіп, тағайындалған медициналық процедураларды алады. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін телеграм-каналдар Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатын. Болат Назарбаев ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп жатыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы және арбада отырған видеосы тараған еді. Қор басшылығы журналистерді этиканы сақтауға үндеп, Болат Назарбаевтың жеке суреттерін таратпауды сұраған болатын.
Биыл экс-президенттің інісі 69 жасқа келді.
Қоғам
Болат Назарбаевтың жағдайына қатысты ресми ақпарат шықты