Алматы облысында жүк пойызы адамдар мінген жеңіл көлікті соқты – видео

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматы облысында теміржол өткелінде жүк пойызы төрт адам мінген Audi көлігін соғып кетті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода неміс автокөлігінің өртеніп кеткені көріп тұр.
Облыстық полиция Іле ауданындағы Еңбек-Құйған тасжолының бойындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен жеңіл автокөлік жол апатына ұшырағанын хабарлады.
"Соқтығыс кезінде Audi 100 көлігі өртеніп, оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көліктің тағы үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.