Өңірлер

Таразда алаяқ әйел жоқ қантты 2 млн теңгеге сатты

Күдікті өз кінәсін толық мойындады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Елде қант төңірегіндегі дүрлікпе жалғасып жатыр. Таразда жоқ қантты 2 миллион теңгеге сатқан алаяқ әйел ұсталды.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілдеде Тараз қаласының полициясына облыс орталығының тұрғындарынан арыз түскен. Олар бейтаныс адам оларға қантты арзан бағамен сатуға уәде беріп, ақша алғанын айтты. Кейін хабарласу мүмкін болмай қалған.
Залалдың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады. "Anti-fraud" жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Оның басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Экономика
Қант қымбатшылығы қысып барады - Қазақстанда мыңдаған кәсіпкер банкрот болуы мүмкін