НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Атырау облысында өзенге батып кеткен әкімнің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың денесі Жайық өзенінде Сарайшық ауылына жақын жерде табылды. Қазіргі кезде полиция тексеріс шараларын бастады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, 1 тамызда Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың суға батып кеткені туралы хабар тарады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 шілде күні Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған.
Ақпаратты Махамбет ауданының әкімдігі растады. Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір барып, іздеу шараларын атқарды.
Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған болатын. 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.