НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған.
"1 тамыз күні сағат 15:02-де "102" каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.