Екібастұзда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Sputnik
ПАВЛОДАР, 2 тамыз – Sputnik. Екібастұз қаласында көше қиылысында екі көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінще, 31 шілде күні сағат 20.30-да Екібастұзда М.Жүсіп-Торайғыров көшелерінің қиылысында "ВАЗ-21099" және "Hyundai Tucson" автокөліктері соқтығысты.
Оқиға салдарынан "ВАЗ-21099" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі ауруханада көз жұмысты. Жол апатына ұшыраған басқа адамдардың жағдайы айтылмады.
"Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Теміртауда жол апатынан екі адам қаза тапты