НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Рим Папасы Франциск Қазақстанға қыркүйек айында мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Рим Папасы Франциск қыркүйек айында Патриарх Кириллмен кездесуге үміттенетінін мәлімдеген болатын.
"Мен онымен 14 маусымда Иерусалимде кездесіп, сөйлесуім керек еді. Бірақ... өзара келісім бойынша біз диалогты кейінге қалдыруды шештік", - деп жазды La Stampa газеті.
Понтификтің Еуропаның иезуит басылымдарының басшыларымен әңгімесінің үзіндісін жарияланды.
2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.