НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Елорда полицейлері ерлі-зайыптыдан 3 келіден астам синтетикалық мефедрон препаратын және 260 грамм каннабис шайырын тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.
Интернет-дүкен әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полицейлердің назарына іліккен.
Сайт әкімшісінің жеке басын анықтағаннан кейін есірткіні жеткізушілермен және кепілгерлермен барлық мүмкін байланыстарды орнату үшін оны бақылау ұйымдастырылды.
Күдіктілер екі мекенжайда ұсталды. Дүкен иесі синтетикалық есірткі салу кезінде ұсталды. Ұсталған кезде автокөліктен сатуға дайындалған мефедрон салынған 60 түйір табылды. Конспирацияға арналған есірткі автокөлікте жатқан қаңылтыр сыра банкісінде жасырылған.
Сонымен қатар пәтерде есірткі саудасымен айналысатын адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан.
Сонымен қатар пәтерде есірткі саудасымен айналысатын адам ұсталды, ол сайт әкімшісі ретінде есірткіні таратуға қатысқан.
Тұрғылықты жерін тінту кезінде мефедронның тағы 157 мөлшері, есірткі салынған пластикалық науалар, сондай-ақ каннабис шайыры бар 886 желатин капсуласы тәркіленді. Заттай дәлелдемелерге сол жерден табылған электронды таразылар, буып-түю ыдыстары, өлшеу қасықтары, есірткіні өлшеп-орау үшін қажеттінің бәрі қоса тігілген.
Қала көшелеріне есірткінің 10 мыңнан астам мөлшерін жіберудің жолы кесілді. Қазіргі уақытта елордаға мефедрон жеткізу арнасы орнатылды, қылмыскерлердің елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар адамдармен байланысы пысықталуда.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.