Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты технопаркке айналуы мүмкін

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз - Sputnik. Мариупольдегі "Азовсталь" кәсіпорны технопаркке айналуы мүмкін, ондағы жұмыс орындары сақталады, деді РФ вице-премьері Марат Хуснуллин.
"Біз "Азовстальді" ескі технологиялар бойынша қалпына келтіруді жөн көріп тұрған жоқпыз. Бірақ ол жерде міндетті түрде жұмыс орындарын ашамыз. Бұл ненізінен абаттандыру элементтері бар технопарк болады. Қазір осы мәселені пысықтап жатырмыз", - деді Хуснуллин РБК агенттігіне берген сұхбатында.
"Азовсталь металлургиялық комбинаты" кәсіпорны - Мариуполь қаласындағы Азов теңізінің жағасында, Кальмиус өзенінің сағасында орналасқан металлургиялық комбинат. Ресейдің арнайы операциясы кезінде украин әскерилері, соның ішінде "Азов" полкі мен бейбіт тұрғындар "Азовсталь" аумағында жасырыды. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін украин әскерилері тұтқынға берілді, ал зауыт түгелдейлерлік зақымданды.