Ресей "Лошарикті" не үшін пайдаланады?

Sputnik
Ресейдің әскери-теңіз флоты әлеуеті уақыт өткен сайын артып келеді. Оған жыл сайын "Ясень-М" жобасының жаңа көпмақсатты атомдық субмариналар мен стратегиялық мақсаттағы "Борей-А" су асты крейсерлер тапсырылады. Бұдан бөлек, көбісі біле бермейтін АС-31 "Лошарик" атомдық станция сияқты әскери техника да бар, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Биыл ақпан айында әскери-теңіз флотының құрамына "Белгород" көпмақсатты зерттеу субмаринасы қосылды. Бортында "Посейдон" атты ұшқышсыз ядролық аппараттар орнатылған. Соққысы қатты. Бұдан бөлек, 100 мегатонналық торпедалар 10 мың шақырымға жүзе алады. Ал АС-31 "Лошарик" атомдық станцияның қуаты кем емес. Оны да "Белгород" жүргізіп отырады.
2027 жылға дейін Ресейде осы іспетті тағы үш субмарина салынады. Одан кейін төртіншісі құрастырылады. Демек, алдағы бес жылдың ішінде әскери-теңіз күштеріне жеті "Лошарик" пайдалануға беріледі. Сонда 100 мегатонналық "Посейдон" торпедалар былай тұрсын, 6 000 метр тереңдікке түсе алатын АС-31-дің өзі алып күш болып саналады. Себебі әлем бойынша сүңгуір қайықтар ары кетсе, 1 000 метрге ғана түсе алады.
Негізі, "Белгород" соңғы 30 жылда салынған ең үлкен субмарина болып шықты. Оның құрылысын құпияда ұстаған. Өзімен бірге стратегиялық әскери техниканы таси алатын үшінші кеме болып саналады. Осылайша, Ресей жаңа әрі жоғары технологиялық "теңіз жасағын" жасақтауға кірісті. Негізгі мақсаты – аса ауыр жауынгерлік мақсаттарды шешу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осы орайда "Лошариктің" рөлі айрықша.
АС-31 атомдық станциясы Ресейдің ең үздік сүңгуір қайығы деуге болады. Дыбысы да шықпайды, қорғанысы мықты.
2003 жылы Северодвинск қаласында АС-31-дің алғашқы титан корпусын суға түсірген. Оны сфераға ұқсас алты бөліктен жинады. Конструкция ойыншық жылқы сияқты. Содан жаңа қайықты танымал кеңестік мультфильмнің кейіпкері "Лошарик" деп атап кетті.
Атомдық станцияның титаннан жасалған корпусы 1 шаршы сантимертге 1000 келіге дейінгі қысымды көтере алады. Соның арқасында әлемдік мұхиттың ең терең жерлеріне түсуге мүмкіндік бар. Ресейлік және шетелдік ақпарат көздеріне сәйкес, "Лошарик" 6 шақырымнан да төмен сүңги алады. Ал бір сферасында орналасқан ядролық реактор судың астында сағатына 60 шақырымға дейін жылдамдықты қамтамасыз етеді. Жалпы, корпустың ұзындығы – 60 метр, ені - 7 метр, суға сыймдылығы - 2100 тонна. Экипаж - 25 – 35 офицер. "Лошарик" екі ай бойы тоқтамай жүзе алады. Ішінде жұмыс пен демалысқа арналған бөліктер бар. Камбуз да қарастырылған.
Болжам бойынша "Лошарикте" гидроакустикалық станция, оптикалық бақылау жүйесі, механикалық манипуляторлар мен дрондар бар. Борттағы аппаратурмен су астындағы ландшафтты зерттеуге, тіпті, сыртқы датчиктерді орнатуға болады. Батыста "Лошарик" судың астымен өтетін телекоммуникациялық кабельдерге қосыла алады деген қауіп те жоқ емес. Ондай кабельдер арқылы ақпараттың ауқымды көлемі өтеді. Біреуі бұзылса, интернет-трафик үзіліп, банк транзакциялары тоқтатылуы мүмкін. Телекоммуникациялық хаос басталады.
Бүгінде "Лошариктің" әскери және зерттеу мақсатына қатысты ақпарат аз. 2012 жылы қыркүйек айында өткен "Севморгео" экпедиция кезінде АС-31 станциясын арнайы мақсаттағы БС-136 "Оренбург" сүңгуір қайығымен Солтүтстік полюске дейін апарды. Сонда "Лошарик" екі шақырымнан асатын тереңдіктен таужынысының үлгісін алып берген. Мәскеу соны Ломоносов пен Менделеев жоталарының ресейлік жағына тиесілі екенін дәлел ретінде пайдаланған.
Ресей Федерациясы су асты аумақтың 1,2 миллион квадрат киллометрі өз құрылығынаның жалғасы ретінде қарастырып отыр. Ол жерде көмірсутек қорлары баршылық және әлемдік мұнай қорының 12 процентін құрайды деген болжам бар.