Көкшетауда жүз шақты үйді су басты

Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Көкшетауда нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үйді су басты.
Қазіргі уақытта қалада коммуналдық және құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.
Су жеке тұрғын үйлердің аулалар мен ішіне, сондай-ақ көп қабаттың үйдердің жертөлесіне де кірген.
Қатты нөсер 30 шілдеде кешкі сағат алтыдан кейін басталып, түнімен жауды.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 шақты үйді су басқан. Алайда IKomek қызметіне 60-тан астам хабарлама келіп түсті.
Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан. Олардың айтуынша, үйдегі тұрмыстық техника мен жиһаз зардап шекті.